Райымбек ауданындағы шалғай ауылдарға жылжымалы медициналық кешен келді

Іздегені алдынан, сұрамай-ақ табылды! Райымбек ауданында ауыл тұрғындарына жылжымалы медициналық көмек барды. Дәрігерге қажеттінің бәрімен жабдықталған көлік шалғай ауылдарды аралап жүр.  Орталыққа келуге уақыты да болмай, қалтасы да көтермей жүрген тұрғындар бұған бір қуанып қалды. Жылжымалы медициналық кешен Райымбек ауданына осымен үшінші рет келіп отыр. Көшпелі қызмет ауыл тұрғындарының денсаулығын тексерді. Тәжірибелі мамандар кеңес беріп, ауруына қарай әркімге ем-шараларын да жасауда. Ал шұғыл көмек қажет деп тапқандарын аудандық ауруханаға жеткізді. Негізі аудандағы 11 ауылдық округтің басым бөлігінде амбулаториялар бар. Бірақ орталықтан келген білікті мамандардың жөні бөлек екенін ауылдықтар да айтып жатыр.

БИБІГҮЛ НҰРТАЕВА - ҚЫЗЫЛШЕКАРА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Әр кезде уақытымен келіп, осы біздің ауылымыздың өзіне осымен 2-3 рет келді бұл кісілер. Халықты қарап, емдеп, ақыл-кеңестерін беріп, сондай жағдайдамыз. Қазіргі кезде мен өзім зейнеткермін, биыл жас маман келді ауылымызға. Барлық мамандар жақсы, жақсы қарайды. Ризамыз және шын жүректен алғыс айтамыз. 

Сондай-ақ оқыңыз: