Алматы облысында Қазақстанның жас армрестлинг шеберлері анықталуда
Алматы облысында армрестлингтен жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.
Еліміздің әр өңірінен келген спортшылар кім мықтыны үш күн бойы анықтайды. Атлеттер салмаққа және оң,сол қолмен күресуіне қарай бірнеше санатқа бөлінген. Пара-армрестлингке де назар ерекше. Оған көзі көрмейтін, құлағының мүкісі бар және жүріп-тұруы қиын жастар қатысуда. Чемпионат бұқаралық спортты дамытуға, оған жастардың қызығушылығын арттыруға бағытталған. Ал үздіктер ертеңгі финалдық сайыстардан кейін белгілі болады.