Қазақстан электронды үкіметті дамыту бойынша әлемдегі үздік 20 елдің қатарына енді

Қазақстан Германия мен Жапонияны озып, үздік 20 елдің қатарына қосылды. Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 16-орынға тұрақтады.

Атап айтқанда, Қазақстан мобильді байланыс пен интернеттің қолжетімділігі бойынша 41-орыннан 13-орынға көтерілген. Бұл көрсеткіш бойынша еліміз телекоммуникациялық инфрақұрылым деңгейі жағынан Эстониямен теңескен. Ал мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы қазір онлайн қолжетімді. Мәселен, 16 миллионнан астам пайдаланушы тіркелген eGov.kz порталында биыл 51 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген. Сондай-ақ цифрлық үкіметтің құқықтық базасы Біріккен Ұлттар Ұйымының сарапшыларынан ең жоғары баға алған.

Сондай-ақ оқыңыз: