Қожа балаларды кітап оқуға қалай қызықтырды?

Балалық шаққа саяхат! Райымбек ауданында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны қорытындыланды. 

Әдеби-танымдық жобаның «Бала кезімдегі кітап: Менің атым Қожа» деп аталуы да бекер емес. Бердібек Соқпақбаевтың әйгілі повесі оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын айтарлықтай арттырыпты. Жоба аясында аудандағы барлық кітапханада шығарманы оқу, талқылау, кейіпкерге хат жазу және эссе байқаулары ұйымдастырылған. Қорытынды кеште жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған деректі фильм көрсетіліп, Қожа бейнесіндегі сахналық монолог көрерменге ұсынылды. Кітап оқуға үн қосқан кітапханалар, белсенді оқырмандар мен жас қалам иелері марапатталды.

АРШАГҮЛ ТОЙБАЙ - АРДАГЕР ЖУРНАЛИСТ, ЖАЗУШЫ       
- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың "Кітап оқитын ұлт" марафоны жалпы осы бастаманың өзі біздің бүгінгі қазақ қоғамында бір тың серпіліс, санаға серпіліс тудырды деп айтуға болады. Әр өңірге өзінің ерекшеліктеріне байланысты, сол жердің жазушыларына байланысты тағы да басқа өнер адамдары бар, соларды қатыстыра отырып, музейлерді, театрларды қатыстырып осындай бір үлкен жобалар жасауға тапсырма берген едік.

Сондай-ақ оқыңыз: