Алматы облысында 2300-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат дауыс бере алады
29 қарашада елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтетіні белгілі. Ал сол саяси науқанға қатысатын әрбір азаматтың дауысы маңызды.
Алматы облысында дауыс беру құқығы бар әр тұрғынның өз таңдауын жасауына барлық қолайлы жағдай қарастырылған. Әсіресе мүмкіндігі шектеулі жандардың сайлау учаскелеріне кедергісіз келіп-кетуіне баса мән беріліп отыр. Жексенбі күні облыста 2300-ден астам мүмкіндігі шектеулі азамат дауыс беру құқығын пайдалана алады. Олар сайлау учаскелерінде пандустар мен арнайы тұтқалар орнатылған. Сонымен қатар, арнайы дауыс беру кабиналары жабдықталуда. Көру қабілеті төмен азаматтар үшін электронды үлкейткіш құрылғылар, ал есту қабілеті бұзылған жандарға арналған индукциялық дыбыс жүйелері дайындалған. Қазір сайлау учаскелерінде осы құрылғылардың әзірлігі мен жұмысқа жарамдылығы тексеріліп жатыр.
АЙДЫН БЕКСҰЛТАНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ
- Мүгедектігі бар азаматтардың сайлау құқығын кедергісіз пайдалану мақсатында барлық сайлау учаскелері пандустармен, арнайы кабиналармен және ақпараттық бұрыштармен жабдықталған. Дауыс беру күні инватакси қызметі мен сурдоаудармашы қызметі жұмыс жасайтын болады. Дауыс беру күні сайлау учаскесіне келу мүмкіндігі болмаған жағдайда, үйден дауыс беруді ұйымдастыру мүмкіндігі мүгедектігі бар азаматтарға бар.