Талдыбұлақта мал моласы тұрғындардың үйін заңдастыруға кедергі болып тұр

Талғар ауданында тұрғындар салған жаңа үйлерін заңдастыра алмай жүр. Өйткені, аяқасты "қызыл аймақта" екенін білген. Ал оған себеп іргедегі мал моласы. Қаңғыған ит, шашылған сүйек өз алдына, енді сол моланың кесірінен баспана заңдастыру мүмкін болмай тұр. Талдыбұлақ ауылының тұрғындары сатып алған жер телімін заңдастыра алмай жүр. Бұған себеп іргесіндегі мал моласы. Арнайы орын әлдеқашан қолданыстан шыққанымен, құжат жүзінде әлі күнге дейін жабылмапты. Енді "қызыл аймақ" деп танылған аумақтан үй салғандар қайда барып, кімге жүгінерін білмей отыр. 

АЙЖАН ӘБІТӘЛІ - ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Жан-жағында ешқандай санитарлық талап сақталмаған. Бұл жерде ит-құс өтіп жатыр. Одан бөлек сүйекті мүжіп аулаларға апарып, нешетүрлі ауру таратама деген күдігіміз бар. Осы мал қорымын сылтауратып мына жақтағы тұрғын үйлердің құжатын бермей отыр. 

Бір қызығы мал моласына іргелес мектеп "қызыл аймақта" емес. Қазір онда 1500 оқушы білім алып жатыр. Бұдан бөлек ауылға ерте көшіп келген ағайынның да үйі қызыл аймаққа кірмей қалған көрінеді. 

АНДРЕЙ ДИАРОВ - ТАЛДЫБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Осы жерден Талдыбұлақ ауылынан 1 жыл бұрын жер алғанмын. Жер алғаннан кейін үй бастады. Енді қызық мәселе қызыл аймақ деген артынан шықты. Мына артымызда тұрған мал моласы кедергі болып тұр. АПЗ бізге берілмейді менің жанымда екі үй бар оларда АПЗ бар менде жоқ ол қалай сонда.

Ауыл әкімі заңдастыру жайы көпке ұзамайды деп уәде берді. Ол үшін алдымен жаңа мал моласының мәселесі шешілуі керек екен.  

ЕРКІНБЕК ӘБІРОВ , БЕЛБҰЛАҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
- Биыл Қайнар ауылдық округінде жаңа мал қорымы іске қосылады, пайдалануға беріледі. Сол қалай пайдалануға беріледі осы Талдыбұлақ ауылындағы мал қорымы жайлы шешім шыққаннан кейін үйлерді жер учаскелерін заңдастыруға жол ашылады.

Шешім қабылданып, жер құжат жүзінде жабылған күні қызыл аймақтың аумағы қысқарып, ел мәселесі бір жөнін таппақ.  

Сондай-ақ оқыңыз: