JTI Алматы облысындағы өндірісін кеңейтуге 30 миллион доллар инвестиция салады
Іле ауданында JTI компаниясының жаңа өндіріс ошағы салынады. Аумағы 21 000 шаршы метр болатын кешеннің бүгін іргетасы қаланды. Жобаға 30 млн долларға жуық инвестиция тартылып отыр.
Алғашқы кірпішін қалап, уақыт капсуласын салу шарасына аймақ басшысы Шыңғыс Әрінов арнайы қатысты. Құрылыс жұмыстары 2027 жылы бастау жоспарланып отыр. Жоба аясында өндіріс пен қойма логистикасын басқарудың толық автоматтандырылған жүйесі енгізілмек. Бұл тапсырыстарды жедел өңдеп, өнім жеткізу тиімділігін еселеуге жол ашады. Сонымен қатар, кәсіпорын энергия үнемдейтін озық технологияларға көшіп, жаңартылатын электр энергиясын тұтынуды көздеп отыр. Айта кетейік, бұл шетелдік инвестордың өңір экономикасына қосқан кезекті үлесі. Соңғы он жылдың өзінде компания ел экономикасына 160 миллион долларға жуық инвестиция тартты.
СЕРГЕЙ БУКСА - JTI КОМПАНИЯСЫНЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӘНЕ МОҢҒОЛИЯДАҒЫ ДИРЕКТОРЫ
- Бүгінде фабрикамызда және Қазақстан аумағында 800-ге жуық адам еңбек етеді. Біз өндірістік қуатымызды одан әрі арттырып келеміз. Мәселен, соңғы 5 жылда өнімді экспорттаудан JTI жарты миллиард доллардан астам түсім жасады.