6,5 триллион теңге: «Халықтық құрылысқа» кім бақылау жасайды?
6,5 триллионның жұмсалуын бақылайды! Мемлекет басшысы «Халықтық құрылыс» бағдарламасына бақылау жүргізетін мемлекеттік комиссияның құрамын бекітті.
Ауқымды жобалардың уақтылы әрі сапалы іске асырылуын, оған бөлінген қаражатты, жалпы құрылысты жоспарлаудан бастап пайдалануға берілгенге дейін қадағалайтын солар. Әр тиынның сұрауы бар. Сондықтан, мониторинг те үздіксіз жүргізіліп, есебі тоқсан сайын президентке беріліп отырады. Құрамына уәкілетті орган басшылары, Құрылтай депутаттары, сарапшылар мен бизнес өкілдері енген комиссияға Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов жетекшілік етеді. Еске салсақ, 2027 жылды президент «ауқымды құрылыс жылы» деп жариялаған болатын. Соның аясында жол, әуежай мен вокзалдар жөнделіп, бүкіл аймақта аурухана, білім ордалары, мәдени нысандар, спорт кешендерін салу жоспарланған.