Aport Mall West жаңарды: отбасылық демалысқа арналған жаңа орындар ашылды

Күнделікті күйбең тірліктен бір сәт арылып, отбасымен көңіл сергітіп, қызықты уақыт өткізуге мүмкіндік беретін орындар қатары толыға түсті. Aport Mall West кешені келбетін жаңартып, келушілеріне бірқатар тың жоба ұсынуда. Мұнда балалар мен ересектердің уақытын қызықты өткізуіне мүмкіндік артты. 17 жылдық тарихы бар Aport Mall West кешені биыл келушілерін бірқатар жаңалығымен қуантпақ. Мұнда дәмхана мен мейрамханалар көбейіп, жеті залды заманауи кинотеатр ашылды. Отбасылық демалысқа арналған жаңа орындар, ойын-сауық түрлері де көбейген. 

ТИМУР МҰХАМЕДЖАНОВ - APORT КЕШЕНДЕРІНІҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
- Қазір Aport Mall West кешенін жаңғыртуға бар күшімізді салып жатырмыз. Келушілерге бұрынғыдан да өзгеше, тың ойын-сауық түрлерін ұсынуды көздейміз. Жақында жаңа ойын-сауық саябағын аштық. Аквапаркті де жетілдіріп, мүмкіндіктерін кеңейттік. Ал Aport Cinema кинотеатрын заманауи талаптарға сай жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Жаңарған кешеннің жарқын жаңалықтарының бірі – аумағы үш мың шаршы метрден асатын Funky Planet отбасылық ойын-сауық саябағы. Мұнда балалардың асыр салып ойнап, уақытын қызыққа толы өткізуіне барлық жағдай жасалған. 

ИРИНА ГРИНЁВА - FUNKY PLANET ОЙЫН-САУЫҚ САЯБАҚТАРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
- Балалардың қызығына арналған мұнда ойын түрі көп. Бұрандалы, толқынды және түзу сырғанақтардан бөлек, биіктікке өрмелеуге арналған қабырға, түрлі сынақтан өткізетін кедергілер жолағы мен лабиринт бар. Бір сөзбен айтқанда, бүлдіршіндердің бір күнін қызыққа толтыруға мүмкіндік мол. Кіру ақысы жұмыс күндері – 5 мың теңге, ал демалыс күндері – 6 мың теңге. Бұл сома бір балаға күні бойы ойнауға мүмкіндік береді.

ЗКТ: Aport Mall West келушілеріне көңіл сергітіп, отбасымен бірге ұмытылмас сәттерді өткізуге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Жаңарған кешен қонақтарын тың жобаларымен танысып, жаңа демалыс орындарының қызығын көруге шақырады. 

Сондай-ақ оқыңыз: