«Қазатомөнеркәсіптің» топ-менеджері жемқорлық күдігімен ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясының топ-менеджері ұсталғанын растады. Компанияның өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков пен басқа да лауазымды тұлғаларды Жемқорлыққа қарсы қызмет 23 қарашада қамауға алды.

Қазір барлығы уақытша ұстау изоляторында. Олардың «Самұрық-Қазына» қорының экс-басшылығы ұйымдастырған жемқорлық қылмысына қатысы бар деп күдіктенеді Ұлттық қауіпсіздік комитеті. Әзірге істің мән-жайы ашып айтылған жоқ. Ал «Самұрық-Қазынаның» басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» компаниясының басшысы Елжас Отыншиев 11 қарашада ұсталған.  

ҚАЙЫРЛЫ АХМЕТ - ҚР ҰҚК БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
- Олар «Самұрық-Қазына» басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді. ҚР ҚК 367 бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыз: