Ұзынағашта ер адам азық-түлік дүкенін өртеп жіберген

Ұзынағаш ауылының тұрғыны отты қасақана қойған. 42 жастағы азамат сөйтіп тапа-талтүсте дүкенді өртеп жіберді. Қаскөй сауда орнына келмес бұрын көлігінің мемлекеттік нөмірін шешіп алыпты. Кейін сол дүкеннің алдына тоқтап, қабырғаға жанармай шашқан. От қойып, оқиға орнынан ізін суытқанымен алысқа ұзай алған жоқ. Өйткені, өрескел әрекеті бейнебақылау камерасында анық көрініп тұр. Полиция сол таспа бойынша тез тапты. Дүкен иесімен оның бас араздығы болса керек. Бірақ полиция оны ашып айтпай отыр. Тек көлікті мас күйінде жүргізгені үшін 15 тәулікке қамауға алынғаны белгілі. Ал бөтеннің мүлкін қасақана өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сондықтан, ол іс бойынша тергеу бөлек жүреді. 

Сондай-ақ оқыңыз: