Еңбекшіқазақта 84 кандидат депутаттық мандатқа таласты
Еңбекшіқазақ ауданында сайлау күні 12 азаматтың жасы толып, алғаш рет дауыс берді. Жалпы, бұл ауданда да халқы тығыз елді мекендер көп. 185 мың тұрғын сайлауға қатыса алады. Депутаттықтан үміткерлер санының да көп болуы сондықтан. Мұнда 84 кандидат бар. Оның 9-ы облыстық, 75-і аудандық мәслихат депутаттығынан дәмелі. Бұл кандидаттарды таңдауда тұрғындар ерекше белсенділік танытты. Себебі аудан жұртшылығы бұл таңдаудың өңір мен өлкенің гүлденуі үшін жол ашатынына сенімді.
ШАЯХМЕТ ҚҰСАЙЫНҰЛЫ
ЕСІК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Азаматтық борышымыз біздің. 18-ге толғаннан кейін осы біздің жасымызға дейін еңкейген шалға дейін, тіпті төсек тартып жатса да, міндеттіміз. Өйткені бұл егеменді елімізді тұрақтандыруға керек. Одан кейін мына еліміздің, жеріміздің көркеюі, көшелердің абаттануы - барлығына осы сайлау қажет етеді. Неге десеңіз, бұл өкіл ғой.
Сонымен қатар, ауданда мүмкіндігі шектеулі азаматтардан үйде дауыс беру бойынша 367 өтініш келіп түскен. Ал 56 ерекше қажеттілігі бар тұрғынға 4 инватакси қызметі ұсынылған.