Сайлау қарсаңында қандай әрекеттерге тыйым салынады?
Бас прокуратура Мәслихат депутаттарының сайлауы қарсаңында үндеу жасады. Сайлау алдында үгіт-насихат жүргізуге, сауалнама нәтижелерін жариялауға және толтырылған бюллетеньдерді суретке түсіруге болмайтынын құзырлы орган еске салды.
Заң бұзылған жағдайда әкімшілік те, қылмыстық та жауапкершілік бар. Сонымен, бүгін, яғни 28-ші қарашаға ауған түннен бастап, дауыс беру аяқталғанға дейін үгіт-насихатқа тыйым салынған. Толтырылған бюллетеньдерді суретке түсіруге, дауыс беру күні мұндай материалдарды таратуға болмайды. Тыйым - сауалнамалар мен сайлау нәтижелерінің болжамдарына да қатысты бар. Ведомство жалған ақпарат пен заңсыз контентті таратуға жол берілмейтінін ескертті. Қауіптілік деңгейіне және келтірілген зиянға байланысты бұл үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Еске саалйық, барлық деңгейдегі Мәслихаттар сайлауы 29-шы қарашада өтеді. Дауыс беру құқы бар ел азаматтары 3447 орынға депутат таңдайтын болады.