«Берекелі отбасы – берік қоғам»: Ұйғыр ауданында рухани форум өтті
Ұлттық дәстүр мен рухани тәрбиені бір арнаға тоғыстыру – берекенің бастауы! Осыны насихаттаған рухани форум Ұйғыр ауданында өтті. «Берекелі отбасы – берік қоғам» деп аталуы да бекер емес.
Айтулы басқосуға Алматы облысының бас имамы, өңірдегі діни қызметкерлер, ел ағалары мен қоғам өкілдері түгел жиналған. Мазмұнды кездесуде отбасы институтын нығайту, ата-ананың борышы, ұрпақ тәрбиесі мен салт-дәстүр сабақтастығы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, ене мен келін татулығы, үлкенге ізет көрсету және үй ішіндегі өзара түсіністіктің қаншалықты маңызды екені әсерлі сахналық қойылым арқылы көрермен назарына ұсынылды.
МАДИЯР ҚАЖЫ ТАҒАЙБАЙҰЛЫ - АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ
- Адал қоғам қалыптастыру ең алдымен отбасындағы дұрыс тәрбиеден басталады. Ата-ананың өнегесі мен балаға берілген рухани тәрбие оның азамат болып қалыптасуына тікелей әсер етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мақсатында бүгін облысымыздағы дін қызметкерлері мен қоғам өкілдерінің басын қосып, отбасылық тәрбие және адал қоғам тақырыбында тағылымды кездесу өткізіп отырмыз.