Кей өңірлерде аяз -20 градусқа дейін жетеді
Нағыз қыс қарашаның соңында келеді! Кейбір аймақта температура -20 градусқа дейін төмендейді деп күтілеуде.
Казгидрометтің болжамынша, 30 қарашаға қараған түннен бастап елдің батысында, солтүстігі мен орталығында аяз тұрады, боран соғады. Шығыста қалың қар түсіп, таулы аудандарда үскірік аяз болуы ықтимал. Ал Алматы облысы мен Алматы қаласында жаңбыр жауғанымен, күн айтарлықтай суымайды деп болжайды синоптиктер. Тек келесі аптаның соңына қарай жауын қарға ұласып, ауа температурасы минусқа түсуі мүмкін. Жалпы, желтоқсан айы салқын болады деп күтілуде.