Жас отбасы өз таңдауын жасады
Іле ауданы Асқар Тоқпанов ауылындағы №401 сайлау учаскесінде жас шаңырақ иелері – Оңалбаевтар отбасы дауыс берді. Бұл сайлаудың олар үшін маңызы зор. Өйткені, сайлауға қатысу арқылы олар отбасының береке-бірлігін, ауызбыршілігін ғана насихаттап қойған жоқ, мұндай саяси науқанның әр шаңырақ үшін маңызды екенін көрсете білді. Бұл жас отбасының өмірлік бағыты мен мақсатының бір екенінің көрінісі.
Жалпы №401 сайлау учаскесінде дауыс беру белсенді өтуде. Ауыл тұрғындары таңертеңнен бастап сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасауда.