Алатаулықтар өз таңдауын жасады

Алатау қаласы да дауыс берушілердің белсенділігі бойынша алдыңғы лекте. Қалаға қарасты 24 сайлау учаскесі таңнан бастап босаған емес. Жаңа құрылған қала тұрғындарының саны қазір 58 мың 291 адам болса, оның 39 мың 568-і сайлаушы санатында. Учаскелерге таңдауын жасауға келген тұрғындар сайлаудың ашық және әділ өтетініне сенімді. Дауыс беретін учаскелердің үшеуі жабық мекемелердің аумағында, тағы біреуі жеке ғимаратта орналасыпты. Ал үйден дауыс беруге 84 азамат өтінім берген.

ДАРХАН АМАНЖОЛҰЛЫ
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Менің бұл бірінші дауыс беруім, тарихи сәт. Мен өз таңдауымды жасадым, өз даусымды бердім. Менің ойымша, депутаттар енді ел үшін жұмыс жасайды деп сенемін.

АЛМАС ТҰРДЫБЕК
АЛАТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ

- Бүгін отбасыммен келіп отырмын сайлауға. Үмітіміз осы депутаттарда. Жақсы үлестерін қоссын. Осы қазақ елі мен қазақ жеріне, осы кішкентайлардың болашағына жақсылық қана болсын. Қазақстаным жасай берсін.

Айта кетсек, Алатау бойынша қалалық мәслихаттағы 11 депутаттық орынға 32 адам үміткер. Алатаудың облыстық мәслихатта да екі мандаты бар. Оған бес кандидат таласты.

ГҮЛНАЗИЯ ЖОЛДЫБАЕВА
№1031 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ

- Біздің сайлау учаскемізге 2035 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде екі мүгедектігі бар адам дауыс беруде. Алғашқы сайлаушылар саны 42. Сайлау комиссиясы сайлау процесін заңдылығы мен тәртібіне сай қамтамасыз етіп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: