Райымбекте ғасыр жасаған қария да дауыс берді
Саяси науқанның көрігін қыздырған өңірдің бірі - Райымбек ауданы. Бұл жақтың сайлаушылары өте белсенді. Өз таңдауын жасауға 18-ге енді толған жастарынан бастап, ғасыр жасаған қарттарына дейін асық.
БАЛЖАН ОМАРОВА
РАЙЫМБЕК АУДАНДЫҚ АНАЛАР АЛҚАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
- Бұл біздің депутаттарымыз біздің үмітімізді ақтайтын, ауданымыздың бюджетін, жалпы экономикасын, тыныс-тіршілігін, еліміздің, осы ауданымыздың жақсы, қуатты өмір сүруіне атсалысатын, бақылайтын, қамқорлық жасайды деп бүгін өз таңдауымызды жасап беріп отырмыз.
Балжан Омарова таңғы 7-де ашылған сайлау учаскесіне бірінші болып келген тұрғын. Аудандық аналар алқасының төрайымы қай науқаннан да қалып көрген емес. Ғасыр жасаған кейуана - Раушан Нұрақынова да бұл күні өз таңдауын жасады. Жүзден асса да, қария әлі тың. Бюллетеньге қолын өзі қойып, келгендерден науқан барысын сұрап отыр. Жалпы, сайлау учаскелеріне отбасымен бірге келіп, дауыс беру - Райымбек ауданында көрініс тапқан игі дәстүрдің бірі.