Кеген ауданындағы ең жасы үлкен сайлаушы өз таңдауын жасады
Кеген ауданындағы жасы үлкен сайлаушылардың бірі - Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны. 104 жастағы Күлпара Шортанова талай тарихи кезеңнің куәсі болып, тағдырдың сан қилы белесін бастан өткерген.
Қазір ол 39 немере, 73 шөбере және жеті шөпшектің ортасында, үлкен әулеттің ақ жаулықты әжесі. Жасы жүзден асса да, бойындағы қайсар рухы мен ел тағдырына деген жанашырлығы оны мемлекет үшін маңызды оқиғадан шет қалдырмады. Ақ жаулықты әженің өтініші бойынша сайлау комиссиясының мүшелері үйіне арнайы барды. Жалпы, Кегенде 25 мың тұрғын бар. Сайлау комиссиясы әдеттегідей дауыс беру үдерісінің барша азаматқа қолжетімді болуына мән берген.
ДИНАРА ЖЕТІБАЕВА
№558 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ
- Сайлаудың ерекшелігі - үш түрлі деңгейі. Бірінші - бір мандаттық партия бойынша беріледі және облыстық мәслихат депутаттарын сайлау және жергілікті мәслихат депутаттарын сайлау. Бізде партиялар бойынша және облыстық мәслихат депутаттарына үш кандидатымыз түсіп отыр.