Райымбек ауданы — ұлттық дәстүрлер тоғысқан мекен!
Алматы облысында «Ауылым – алтын бесігім» атты аудан, қалалардың мәдениет күндері байқауы жалғасуда. Мәдени шараның кезекті кезеңі Райымбек ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Игі бастаманың басты мақсаты – өңірлердің мәдени әлеуетін бағалау және ұлттық құндылықтарды дәріптеу. Райымбек ауданында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді ұлықтаған мәдени шара ерекше дайындықпен өтті. Байқау аясында қолөнер шеберлерінің туындылары көпшілік назарына ұсынылып, ауданның тарихы мен мәдени жетістіктерін таныстыратын көрмелер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашып, ұлттық өнердің озық үлгілерін паш етті.
ТӨЛЕУЖАН ҒҰМАРОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ, АРХИВТЕР ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАМА БАСҚАРМАСЫНЫҢ МӘДЕНИ ШАРАЛАР, МОНИТОРИНГ ЖӘНЕ ЖОСПАРЛАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
«Бұл жалпы өнерде жаңашылдық болып тұруы керек, ізденіс болып тұруы керек. Біз бұл байқаудыда жаңағы арнайы қазылар алқасы жүр. Қазылар алқасыда кәдімгідей еңбек майталмандары, еңбек сіңірген әртістер, қолөнер шеберлері барлығы түгел қамтылған. Бұның енді қорытындысы қараша айында Қонаев қаласында өтетеін болады. Бағы асқан, бабы келген аудан өз бәйгесін алады деген ойдамыз.»
Байқау бағдарламасына сәйкес, қатысушылар ауданның мәдени жетістіктерін таныстырып қана қоймай, ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғыртуға да басымдық берді. Қолөнер бұйымдары, тарихи жәдігерлер, фотокөрмелер мен шығармашылық қойылымдар көрермендердің қызығушылығын тудырды. Сондай-ақ «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттау мен ұлттық дәстүрді ұрпаққа аманат ету бағыттары да қамтылды.
МЕДЕТ БАЙЖҰМА
БАҚҚОЖА МҰҚАЙ АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МУДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
"Ауданымыздан шыққан тарихи тұлғалар, қолөнер шеберлері, қылқалам шеберлері, өнерпаздар, халықтық ансамбльдер барлығыда "жұмыла көтерген жүк жеңіл"-деп ауылдың мәдениеті ол елдің руханияты сондықтан сол руханиятқа қызмет етіп отырған ауданымыздың нағыз дарында тұлғаларыбас қосып көпшіліктің назарына керемет ауқымды шара ұйымдастырып отыр. Облыстың деңгейінде ұйымдастырылатын бұл баайқаудан қанжығамыз бос қайтпаған, биылда жүлдеде үміттіміз, соған лайықты деңгейде өнерлерін көрсетіп, көпшіліктің назарына керемет дүниелер ұсындық деген ойдамыз."
Айта кетейік, осыдан екі жыл бұрын Райымбек ауданы аталған байқауда бас жүлдені жеңіп алып, «Chevrolet Cobalt» автокөлігін иеленген болатын. Биыл да аудан өнерпаздары мен мәдениет саласының өкілдері өздерінің жоғары деңгейдегі дайындығын көрсетуге тырысты.