Сүт безі обырының алдын алу

Қазан айында әлем бойынша сүт безі қатерлі ісігі туралы хабарды арттыруға бағытталған «Қызғылт қазан» науқаны өтеді. Оның мақсаты – әйелдерге профилактикалық тексеруден уақытылы өтудің және ауруды ерте анықтаудың маңызын еске салу. Өйткені, қатерлі ісік бастапқы кезеңде анықталса, емнің тиімділігі артып, аурудың жазылу мүмкіндігі жоғарылайды. Науқан аясында ауруханалар мен емханаларда ашық есік күндері ұйымдастырылып, әйелдерге медициналық тексеруден өтуге мүмкіндік беріледі. Алматы облысында да 40 жастан асқан әйелдер Алматы өңірлік көпсалалы клиникасында тексеріле алады. Қабылдау 24 және 31 қазан күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін өтеді.

ДӘУЛЕТ АЙДАРОВ
АЛМАТЫ ӨҢІРЛІК КӨПСАЛАЛЫ КЛИНИКАСЫНЫҢ ОНКОМАММОЛОГЫ
- Біздің мақсат - әрбір әйел адамға қолжетімді, сапалы медициналық көмек көрсету. “Қызғылт қазан” аясында барлық қыз-келіншектерді, әйел адамдарды дер кезінде, уақытылы өз денсаулығына кішкене болсын көңіл бөлу мақсатында өзіміздің клиникамызда бүкіл Қазақстан Республикасында өтіп жатқан іс-шара аясына шақырамыз. Іс-шараның айырмашылығы ол жерге арнайы жолдама арқылы жазылу қажет емес және бұл жерде білікті мамандар отырады.

Сондай-ақ оқыңыз: