Мәслихат сайлауы: дайындық басталды
Қонаев қаласында Алматы облысының аумақтық сайлау комиссиясының кезектен тыс отырысы өтті. Жиында 2026 жылғы 29 қарашаға белгіленген өңірдегі барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізуге арналған негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілді. Сонымен қатар сайлау комиссияларының құрамын жасақтау, сайлау округтерін құру және тиісті тізімдерді жариялау мәселелері қаралды. Бұдан бөлек, сайлаушыларға сайлау комиссияларының орналасқан жері туралы ақпарат беру тәртібі де талқыланды.
МЕЙРАМГҮЛ АЙТОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ
- Алматы облысы бойынша барлығы 210 депутатты сайлауымыз қажет. Оның ішінде облыстық мәслихатқа – 38 депутат, Қонаев және Алатау қалаларының мәслихаттарына – 23 депутат, ал аудандық мәслихаттарға 168 депутат сайланады. Алдымызда ауқымды жұмыс тұр. Қазіргі таңда ең алдымен округтік сайлау комиссиялары жұмысын бастады. Облысымызда мұндай комиссиялардың саны – 204.