Райымбек ауданының жастары туған өлкені көгалдандыруда
Райымбек ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылды. Игі бастамаға 50-ге жуық оқушы қатысты. Шараны аудандық білім және ауыл шаруашылығы бөлімдері бірлесіп ұйымдастырды. Экологиялық акцияға аудандық прокуратура, білім бөлімі, орман шаруашылығының мамандары мен оқушылар қатысты. Көшеттер Тельман Жанұзақов атындағы мектептің айналасына отырғызылды. Орман шаруашылығы мамандары қатысушыларға ағаш отырғызудың талаптары мен оны күтіп-баптау тәртібін түсіндірді. Табиғатты аялауға бағытталған бұл бастама алдағы уақытта да жалғасын табады.
АЛИХАН ЗЕЙРАҚЫН
Т.ЖАНҰЗАҚОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
- Таза Қазақстан акциясы еліміздің тазалығы мен болашағына деген үлкен бастама. Біз өзіміздің тазалығымызды, өзіміздің туған жерімізді тазалау арқылы елімізге үлкен пайдамызды тигізе аламыз. Менің ойымша әр адамның тазалығы өзінің күнделікті өмірінен, күнделікті мәдениетінен бастау алады. Өзіміздің аулаларымызды,көшелерімізді тазалау арқылы біз елімізге деген үлкен пайдамызды тигізе аламыз. Және де таза орта болашақ ұрпаққа. Таза Қазақстан біздің мақтанышымыз!