Тұмауға тосқауыл - вакцина

Алматы облысының медицина қызметкерлері тұмау мен жедел респираторлық вирустық инфекциялардың таралуына жол бермеу үшін алдын алу шараларын күшейтті. Осы мақсатта өңірге 160 мың доза «Гриппол плюс» вакцинасы жеткізілді. Ең алдымен, екпе ауру жұқтыру қаупі жоғары топтағы азаматтарға салынады. Сонымен қатар облыста 301 инфекциялық төсек-орын дайындалып, вакцинация жүргізуге арналған 305 кабинет ашылды. Медициналық ұйымдарда мамандардың біліктілігін арттыруға да ерекше көңіл бөлінуде. Дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлеріне инфекциялардың алдын алу, санитариялық талаптарды сақтау және аурудың таралуына жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мамандар тұрғындарға да қарапайым сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Атап айтқанда, бөлмені жиі желдетіп, жеке бас гигиенасын сақтап, ауру өршіген кезеңде адам көп жиналатын орындардан мүмкіндігінше аулақ болған жөн. Ал сырқаттың алғашқы белгілері байқалса, өз бетінше ем қабылдамай, дәрігерге қаралу қажет.

ЕРЖАН СҮЛЕЙМЕНОВ
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
- Алматы облысында медицина қызметкерлері мен тұрғындарға арналған 128 оқыту және профилактикалық семинар өткізу жоспарланған. Бүгінде оның 58-і өтті. Тұмауға қарсы қауіпсіздік сертификаты бар «Гриппол» вакцинасы екпе алуға медициналық көрсетілімі бар тұрғындарға салынады. Қазіргі таңда облыстың барлық медициналық ұйымы вакцинация жүргізуге дайын. 

Сондай-ақ оқыңыз: