Кино әлемінің кемеңгері
Көрнекті режиссер Абдолла Қарсақбаевтың жүз жылдығына орай Алматы облыстық орталық кітапханасында «Кино әлемінің кемеңгері» атты әдеби-сазды кеш өтті. Кеште қатысушылар режиссердің өмірі мен шығармашылығына тоқталып, ұлттық кино өнерінің дамуына қосқан үлесін еске алды. Ән шырқалып, домбырадан күй төгілді. Сондай-ақ келушілер назарына режиссердің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын танытатын кітап көрмесі ұсынылды. Абдолла Қарсақбаевтың әйгілі «Менің атым Қожа» фильмі 1963 жылы экранға шығып, қазақ киносының үздік туындыларының біріне айналған. Фильм тұтас бір буынды тәрбиеледі. 1967 жылы туынды Канн кинофестивалінде халықаралық деңгейде танылды.
ҒАЛИЯ ТОҚАБАЕВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ОРТАЛЫҚ ӘМБЕБАП КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
- Абдолла Қарсақбаевтың 100 жылдығы ол ЮНЕСКО-ға кірген. Барлық осы Алматы облысының кітапханаларында 149 іс-шара ұйымдастырып өткізілді, 9 мыңнан астам оқырман қатысып ол жерде әдеби-танымдық кітаптары насихатталып жатыр.