Жылдың үздік алмасы


Алма өсіру ісіндегі ғылыми әдіс. Алатау баурайында бас қосқан  ғалымдар мен шаруалар алма өсіру ісі жөнінде пікір алмасты. Мамандар өз ойларын ортаға салып, үздік алма сұрпын таңдады. Жеміс қатарында елге сүйікті апорт алмасы да бар. «Голден делишес» алмасының дәмі балдай тәтті болса, Алматы синабының дәмі қышқыл. Ал Іле алатауы алмасының дәмінде апорттың балдай тәттілігі мен Лимонка сортына тән жағымды қышқыл дәм мен балғындық тамаша үйлесім тапқан. 

ДАМИР МАЛГЕЛДИЕВ 
«ЕСІК МЕМЛЕКЕТТІК ДЕНДРОЛОГИЯЛЫҚ САЯБАҒЫНЫҢ» БАСШЫСЫ 
«Үш жыл қатарынан мына акциямызды ең дәмді алма акциясын өткізіп жатырмыз. Бүгін мына комиссияға он түрлі алманы көрсеттік дәмдерін алып. Біздің оқушыларымыз бар. Олар да комиссия мүшелеріне жатады. Комиссия қандай шешім шығарады, содан кейін біздің мекеме енді ғылыми мекеме болғаннан кейін біз жаңа алманы өсіреміз.»

Саябақ 17 гектарда Аймақ Жанғалиевтің сирверс алмасымен танымал. Ғылыми қызметкерлерден бөлек,  сарапшылар қатарында аудан жұрты мен оқушылар да болды.

ГҮЛЗИРА АСАМҰРАТОВА 
АУДАН ТҰРҒЫНЫ 
«Өсімдік әлемі үйірмесінің оқушыларына табиғатты көрсету, жерді қалай құнарландыру, табиғатқа жақын қылу, осы мамандықтарға қарай оларға бағыт беру біздің мақсатымыз. Ал бүгінгі алмалардың бүкіл дәмін көрдім. Бұрыннан енді Американка, золотой, голдтың бәрін білеміз ғой. Маған бүгін ерекше ұнағаны Ренат деген алма, және Іле алатауы алмасы керемет ұнады. Ренатты енді деген кезде бір лимонадтың дәмі шыға ма, хош иісті, керемет екен. Заийлиское кәдімгідей балғын, дәмді, керемет екен.»

МЕДИНА АЗНАБАЕКИЕВА 
ОҚУШЫ 
«Маған мына бір алма ұнады. Бұл апорт. Ал бұл түрі де айтып тұрғандай өте қышқыл Восход алмасы. Болашақта өз бақшам болғанын қалаймын. Онда түрлі алма сұрыпын өсіріп, үлкен алмабақ болса деймін.» 

Зерттеу нәтижесінде «Ренат Абраменко» алмасы үздік деп танылды. Екінші орынға «Салтанат» сұрыпы жайғасса, үздік үштікке «Голден Делишес» енді. Мақсат -  сапалы алма түрін көбейтіп, жеміс шаруашылығын дамыту.

Сондай-ақ оқыңыз: