Тарифтер қайта қаралады
Коммуналдық желілердің жай-күйі мен көрсетілетін қызмет сапасы – тұрғындар үшін маңызды мәселе. Жоспарланған жұмыстарды толық атқармаған кәсіпорындардың тарифтері қайта қаралады. Биыл жүргізілген тексерістен кейін екі мекеменің тарифі төмендетілді. Мысалы, «Іле таза су» компаниясының тарифі 75 теңге 53 тиыннан 59 теңге 18 тиынға дейін төмендетілді. Ал жылумен қамту «Sintra Energo» компаниясының тұтынушылары енді әр шаршы метр үшін 137 теңге 61 тиынға аз төлейтін болады. Соның нәтижесінде тұтынушыларға 22 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылуы тиіс. Ал Қонаев қаласында жылу, су құбыры мен кәріз желілерін жаңарту жұмыстары қолға алынды. Бұл мақсатқа 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген. Тозығы жеткен құбырлар жаңасына ауыстырылса, желілердегі апаттар азайып, коммуналдық қызметтердің үздіксіз көрсетілуіне мүмкіндік туады.
ГҮЛМИРА ӨТЕГЕНОВА
ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ
- Коммуналдық саланы жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаның басты мақсаты – ескірген инфрақұрылымды жаңарту, желілердің тозуын азайту және халықты сапалы коммуналдық қызметпен уақтылы қамтамасыз ету