Әскери мамандыққа бағыт-бағдар
Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында 11-ші сынып оқушыларына Ұлттық ұланының академиясына оқуға түсу бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Іс-шара барысында түлектерге Петропавл қаласында орналасқан академияға қабылдау талаптары, әскери білім алудың мүмкіндіктері мен офицер мамандығының ерекшеліктері түсіндірілді. Академияға түсу үшін талапкерлерге ҰБТ-дан кемінде 60 балл жинау және дене шынықтыру нормативтерін тапсыру талап етіледі. Оқу мемлекеттік грант негізінде жүргізіледі. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа әскери қызметтің маңызын түсіндіріп, Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге ынталандыру, сондай-ақ болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру.
ДИАС БЕДЕЛБАЙ
6654 Ә/Б РОТА КОМАНДИРІНІҢ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
- Гражданский вуздарда ондай мүмкіндік жоқ, мысалы президенттің қолынан диплом алу деген. Әскери оқу орындарында, жоғары оқу орындарында сондай возможность бар, сондай мүмкіндік бар, президенттің қолын алу деген. 2021 жылы мен Ұлттық академиясына түстім, 2025 жылы үздік аяқтағаным үшін мені президенттің қолынан алуға жіберген болатын. Солай 2025 жылы өзімнің иықтағы алғашқы әскери шендерімді, лейтенант әскери шенін президенттің қолынан, яғни біздің Жоғарғы Бас қолбасшымыздың қолынан Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтан алған болатынмын. Өте бір менің ойымша, өте бір үлкен, өте бір жақсы, сондай мүмкіндік деп ойлаймын.
БАУЫРЖАН НҰРЛАНҒАЗЫ
11 СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
- Кездесу барысында әскери оқу орнына түсу талаптарымен таныстық. Сондай-ақ, болашақ мамандық туралы ақпарат алдық. Оқуға түсу жолындағы бағыт-бағдарды көрсетті. Уақыттарыңызды бөліп, мектепке келгендеріңіз үшін, өздеріңіздің тәжірбиелеріңізбен бөліскендеріңіз үшін 6654 әскери бөлімшенің жеке құрамына шын жүректен алғысымызды білдіреміз