Жылыту маусымына дайындық акциясы жалғасып жатыр

Алматы облысында жылыту маусымына дайындық аясында тұрғын үйлерді аралау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Профилактикалық шараларға 250-ден астам маман жұмылдырылған. Олар пештер мен мұржалардың жай-күйін тексерді. Әрі көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнатып, істен шыққан құрылғыларды да ауыстырады. Мұнда әсіресе әлеуметтік осал топтағы азаматтарға басымдық берілген. Қазір облыста бұл санатта екі мыңға жуық тұрғын есепте тұр. Республикалық акция аясында қысқа дайындық жұмыстарын өз бетінше жүргізуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға да көмек көрсетілуде.

АЙҒАНЫМ МҮСЕКЕНОВА
АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ТЖД МӨББ БАС МАМАНЫ
- Біздің қызметкерлер осындай мұқтаж адамдардың үйлеріне, ата-аналарынан әрине бастайды. Сонымен қатар тұрғылықты жерінде осал топты болсын, мұқтаж адамдар болсын мұржаларды тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр және пештердің ақаулықтары бар жерлерді жөндеу жұмыстары өтіп жатыр. Біздің ТЖД немесе тұрғылықты аудандық бөлімдерге хабарласып, жүгінуге болады. 

ШЫҢҒЫС АЙНАҚҰЛОВ
АРНА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
- Барынша бәрін тазалап, дымоходтардың бәрін тексеріп үйлердің, жылыту маусымына дайындап жатыр. Алдынан бері шыққан шығар, бір жетідей болды жүргендерінн. Әр үйлерге кіріп, аралап кімнің үйлерін жауып, соған кіріп сұрап көршілер бар ма үйлерінде, пештері қалай орналасқан деген сияқты. Жақсы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз: