«Qonaev Media» — Astana Media Week сахнасында, ал «Таза мекен» — жыл номинанттарының қатарында!

Астанада Қазақстанның медиа саласындағы маңызды оқиғалардың бірі - Astana Media Week өтіп жатыр. Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам журналист өтінім берген. Олардың арасынан 2026 жылы алғаш рет Qazaqstan Media Awards аясында ұйымдастырылып отырған «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының номинанттары анықталды. «Қонаев Медиа» телеарнасы бұл ауқымды медиа жобаға алғаш рет қатысып отыр. «Таза мекен» бағдарламасы «Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы бойынша жыл сыйлығына ұсынылды. Бұл - қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейтін, экологиялық мәдениетті қалыптастырып, нақты өзгерістерге шабыт беретін бастаманың бағалануы.

Ұжым үшін бұл - маңызды қадам, өз мүмкіндіктерін танытуға, тәжірибе алмасуға және қоғамның дамуына бағытталған жобаларды көпшілікке ұсынуға берілген мүмкіндік.

ЭЛЬВИРА ЖҮРГЕНБАЕВА - ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

- Биыл Astana Media Week апталығының 10 жылдығын атап өтіп жатырмыз. Бұл — ауқымды шара. 2017 жылы бастау алған медиаапталық бүгінде халықаралық медиа алаңға айналды. Биылғы басты тақырып - адам және жасанды интеллект. Технологиялар күн санап емес, сағат санап дамып келеді. Сондықтан жасанды интеллект - биылғы медиаапталықтың негізгі тақырыптарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз: