«Жаңа әлем» абаттандырылуда
Іле ауданындағы “Жаңа әлем” тұрғын үй алабында 10 жылға созылған түйткілдің түйіні тарқатылды. Сот шешімімен мұндағы 20 гектар жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды. Мәселенің туындауына 2014 жылы 63 гектар жердің жеке тұрғын үй құрылысына арналған 664 учаскеге бөлінуі себеп болған. Алайда, аумақтың бір бөлігі жекеменшікте қалғандықтан, әкімдік көшедегі абаттандыру және тас жол төсеу жұмыстарын бастай алмаған. Қазір аумақта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Жоба жүзеге асса, бір жарым мыңнан астам тұрғын үшін көшелер мен жолдардың жағдайы жақсарады.
БАУЫРЖАН ТӨЛЕНДИНОВ-ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ
- Аталған факті бойынша аудан прокуратурасымен тиісті тексеріс жүргізілді. Тексеріс барысында жолдар жекеменшік бола алмайтыны анықталды. Жолдарды қайтару бойынша мемлекет мүддесінде сотқа жүгініп, сот шешімімен жерлер мемлекетке қайтарылды. Қазіргі уақытта абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.