«Ауыл аманаты» - ауыл кәсіпкерлігіне қолдау
Ауылда кәсіп ашып, кәсібін кеңейтемін деген азаматтар «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы жеңілдетілген несие ала алады. Алматы облысында 2023 жылдан бері жүзеге асып келе жатқан жоба аясында ауылдық жерде кәсіппен айналысатын 1,5 мыңнан астам тұрғынға қолдау көрсетілген. Бағдарламаның мақсаты – ауыл халқының табысын арттырып, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік жасау. Несие жылдық 2,5 пайызбен беріледі. Жеке кәсіпкерлер 10 миллион 800 мың теңгеге дейін, ал кооперативтер 34 миллион 600 мың теңгеге дейін қаржы ала алады. Бұл қаражатты мал шаруашылығын дамытуға, жеке қосалқы шаруашылықты кеңейтуге, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құруға, сондай-ақ өнім өндіру, өңдеу және түрлі қызмет көрсету бағыттарына жұмсауға болады.
ДАМИР МАҒАУИЯ
«ҚОНАЕВ» ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АҚ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
- Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 300-ден астам жобаны қаржыландыруға республикалық бюджеттен 4,9 миллиард теңге бөлінді. Қазірдің өзінде жалпы сомасы 450 миллион теңгеден асатын 30-дан астам несие берілген. Бұдан бөлек, жалпы құны 2,4 миллиард теңге болатын 180-нен астам жоба бойынша өтінім түскен. Қазіргі уақытта өтінім қабылдау жалғасып жатыр