Отбасы саясаты

Аймақта әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия жұмысына жаңа формат енгізілді. Енді комиссия мүшелері тек орталықтан қарап отырмайды. Аудан-қалаларға өздері барып,  бағалау жұмыстарын жүргізеді. Бүгін алқа мүшелері Алатау қаласында бас қосып, өңірдегі отбасын қолдау орталықтарын аралады. Мұндағы мамандардың сөзінше орталық қызметіне жыл басынан бері 450 азамат жүгінген. Оның 77-сі бойынша іс қаралып, қазірге дейін 30 – мәселе сәтті шешім тапқан. Басқосуда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мен әйел кәсіпкерлерге қолдау көрсету бойынша да кеңінен талқы өрбіді.

РОЗА ӘБІЛОВА
АЛАТАУ ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, КОМИССИЯ МҮШЕСІ
- Бұрын біздің жұмысымыз облыстық әкімдікте бас қосып, түрлі ұйымдар мен мекеме басшыларының есебін тыңдаудан тұратын. Алайда кейіннен комиссия төрағасы Ғани Майлыбаев пен комиссия мүшелері нысандарға барып, тікелей танысу туралы шешім қабылдады. Бұл бізге атқарылып жатқан жұмысты өз көзімізбен көруге, озық тәжірибелерді саралауға және жергілікті жердегі нақты жағдайға баға беруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: