Ескерткіштер аумағы тазартылды
«Әділет» партиясының 20-дан астам жас белсендісі Қонаев қаласындағы тарихи орындар мен ескерткіштердің маңын тазартты. Олар Абай Құнанбайұлы мен Бердібек Соқпақбаев ескерткіштерінің, сондай-ақ Жеңіс мемориалының аумағын қоқыстан тазартып, маркер мен бояу іздерін кетірді. Осындай тазалық шаралары облыстың басқа аудандарында да ұйымдастырылып жатыр. Бұған дейін белсенділер «Көшпенділер қалашығы» мен «Таңбалы тас» петроглифтер кешені маңындағы 50-ден астам граффитиді өшіріп, 30 тоннаға жуық қоқыс шығарған. Енді жастар қоғамдық орындарда бейнебақылау камералары мен қоқыс жәшіктерін көбейтуді ұсынып отыр.