Өмір жолымен өрнектелген өнер

Қонаевта қайырымдылық мақсатты көздеген суреттер көрмесі ашылды. Белгілі суретші Хасен Азамов орталық кітапхана алдында өз картиналарын жұрт назарына ұсынды. Бұрынғы әділет подполковнигі бұл қылқалам өнеріне жеке қызығушылығымен бет бұрған.  Мұнда келушілер оның суреттері мен әр алуан картиналарын қалағандарынша тамашалайды. Әрі өздеріне ұнайтын туындыларды сатып алуға да мүмкіндіктері бар. Ал жиналған барлық қаражат ауыр науқастар мен балалар еміне жұмсалады. Бұл қылқалам иесінің алғашқы көрмесі емес, ол осыған дейін де өз жұмыстарын Теміртау мен Қонаев қалаларында көрсеткен.

ХАСЕН АЗАМОВ - СУРЕТШІ
- Мен, негізінен, көздің жауын алатын және көңілге қуаныш сыйлайтын сұлулықты бағалаймын. Мынау – 1964 жылы салған суретім, яғни Караваджоның «Лютняшы» (The Lute Player) туындысының көшірмесі. Ол кезде қаражат тапшы болғандықтан, кенептің орнына сәтен матасын, ал грунтовка ретінде еден бояуға арналған қарапайым қызыл сурик бояуын пайдаландым. Матаны сол бояумен өңдеп, үстіне суретті салған едім. Осы туындыны сатудан түскен қаражат ауыр дертке шалдыққан жандарға көмек ретінде жұмсалады.

Сондай-ақ оқыңыз: