Ауылым - алтын бесігім
Алматы облысында тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «Ауылым – алтын бесігім» атты мәдени байқау өтіп жатыр. 25 қыркүйекте басталған шығармашылық марафонда өңірдің тоғыз ауданы мен екі қаласы бақ сынайды. Іле ауданда бастау алған игі іс-шара бұл жолы Талғар ауданында жалғасты. Іс-шара аясында жергілікті қолөнер шеберлері мен кәсіпкерлер ұлттық нақыштағы бұйымдарын, этно стильдегі киімдерін және өздері өндірген өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Осылайша, үлкен алаңда қойнауы қазынаға толы құт мекеннің тарихы мен тағылымы, мәдениеті мен бар болмысы насихатталды.
БЕРІК ШАҒАЕВ
ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
«Жыл бойғы жетістіктерімізді көрермендерге паш етеміз. Мәдениет қызметкерлері дайындаған үлкен концерттік бағдарламамыз бар. Қолөнершілер, шеберлер, жалпы мәдениетке қатысты көп іс-шаралар өткен. Сол іс-шаралардың басы қасында жүрген зиялы қауым осы мәдениет үйге жиналып отыр.»