Ортақ мүдде

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы энергетикалық байланыстарды кеңейту, өңірлік тұрақтылықты сақтау және халықаралық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешу. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакудегі жұмыс сапарының негізгі бағыты осы болды.  Ел президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің жетінші саммитіне қатысты. Жиында қазақстандық мұнай тасымалының көлемін арттыру мәселесі де назардан тыс қалмады. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Баку - Тбилиси - Жейһан құбыры арқылы мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға ниетті екенін мәлімдеді. Саммит аясында Мемлекет басшысы Израиль Президенті Ицхак Герцогпен де кездесті. Екі тарап сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту және Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Қасым-Жомарт Тоқаев қақтығыстарды бейбіт жолмен шешіп, халықаралық тұрақтылықты сақтауда дипломатияға басымдық беру қажет екенін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз: