«Мальчишник VS Девичник: Последняя ночь» — махаббат, драйв және күтпеген бұрылыстар!

Алматыда Kinopark 11 IMAX Esentai кинотеатрында  «Мальчишник VS Девичник: Соңғы түн» фильмінің премьерасы өтті. Комедия және мелодрама жанрындағы жаңа кинотуынды күтпеген жайттар мен қызықты сәттерге толы. Фильм отбасын құрып, үлкен өмірге қадам басқалы отырған Мансұр мен Зере жайлы. Жас жұп той алдында бойдақтықпен қоштасу кешіне шақырту мен қоса сый алады. Ал ерекше сый жастардың өмірін бір сәтте өзгертіп, күтпеген жерден денелерін алмастырып жібереді. Шытырманға толы оқиға дәл осы жерден басталып, сан түрлі кедергілермен ушыға түседі. 

АЛМАГҮЛ ҚАЗИХАН 
АКТРИСА
«Бізде жалпы бұл жерде девичник күні қыз бен жігіттің денелері ауысып кетеді. Яғни менің денемде ұл болады. Сондықтан фильмнің жартысынан көбінде жігіттің рөлін ойнау өте қызық болды. Бұл фильмде төбелес сахналары да бар. Өте динамикалы фильм. Сол жағынан да түсірілім процесі өте қызықты болды. Егер тағы да осындай процеске қатысасың ба десе, ойланбастан «иә» дер едім.»

Басты рөлдерді Алмагүл Қазихан мен Ұлан Асанбек сомдайды. Актерлік құрамда Айжан Пернебекова, Айарыс Даукараев, Айшолпан Байтүгел, Темірлан Жалдыбаев та бар. Ал режиссері - Әлібек Абдухалық. Және бұл жас маманның алғашқы туындысы. Махаббат пен энергияға толы комедия Алматының ең көрікті жерлерінде 13 күннің ішінде түсірілген. 

ӘЛІБЕК АБДУХАЛЫҚ
РЕЖИССЕР
«Біз жастардың өмірін шынайы әрі ерекше қырынан көрсететін, энергияға толы, динамикалық фильм түсіруді мақсат еттік. Оқиға желісінде кештердің атмосферасы, күтпеген жағдайлар, еркіндік пен достық тақырыптары қозғалады. Сонымен қатар фильм адамдарды қандай болса, сол қалпында қабылдаудың маңызын көрсетеді. Жоба Қазақстан киносы мен музыкалық клиптерінде сирек кездесетін локацияларда түсірілді. Соның ішінде Көктөбенің көрінісі киноға ерекше реңк берді..»

Шытырманға толы жаңа туынды 2026 жылдың 15 қазаннан бастап барлық кинотеатрларында көрсетіле бастайды.

Сондай-ақ оқыңыз: