Достық турнирі

Спорт - денсаулық кепілі әрі ортақ мақсат ұйтқысы. Балқаш ауданының тумалары арасында шағын футболдан аудандық жарыс өтті. Әр қалада тұратын ауыл азаматтарының басын қосқан спорттық шара Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай ұйымдастырылды. Жарыс басталған сәттен-ақ алаңда тартысты ойын өрбіді. Әр команда жеңіске жетуге ұмтылды. Қақпаға бағытталған әр соққы, қарсыластың шабуылын қайтарған әр әрекет жанкүйерлерге ерекше көңіл күй сыйлады. Жарысқа қатысушылар -  бала жастан бірге өскен ауданның 1970 - 77 жылғы азаматтары.

АСХАТ ӘБІЛӘКІМОВ 
ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
«Жарысқа соңғы екі айда Алматы қаласында, Бақанас, Ақкөлде жеке жеке дайындық жиындарын жүргізді. Жасымыз 55 те болғанымен бірақ енді әттеген ай болды. Әлі де шыңдаламыз, қарқынымыз жаман емес.»

Жарыста екі жүзге жуық қатысушы мен сегіз команда өзара бақ сынады. Аталмыш аяқдоп дадасының өтуіне мұрындық болған дене шынықтыру пәні мұғалімі - Ерлан Жыршыбаев. 


ЕРЛАН ЖЫРШЫБАЕВ 
ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ 
«Ауыл жігіттер бір бірін көрмей кетті. Отыз қырық жыл болды. Сол мақсатта бәрінің басын қосып, осы жерде турнир өткізіп жатқан себебіміз бар. Бір ай бұрын осы Балқаш ауданы, Бақанас ауылында 1974 жылғы жігіттер 15 команда жиналып, футбол ойнап осы шешімге келдік.» 

Жарыс қорытындысында үздік ойыншы, үздік қақпашы, үздік қорғаушы тіпті үздік спорттық киім иелері де марапатталды. Ал командалар арасындағы бәсекеде 1976 жылы туған азаматтар жеңімпаз атанса, 1974 жылғы қатысушылар екінші, 1971 жылғы азаматтар үшінші орын иеледі. 

Сондай-ақ оқыңыз: