Дастан Маратұлы
Жаңалықтар тілшісі
Өмірдегі ең бір керемет нәрсе - арманның орындалуы. Менің де бала кезден тілегенім орындалды, журналистикамен айналысуға мүмкіндік алдым. Телевизия әлемі мені құшағына алып, бірнеше республикалық арналарда тәжірибе жинауға жол ашты.
Осы жолда сенімді достар таптым, тіпті жолдасыммен бірге осы салада жаңа өмір бастадым. Телевизия маған көп нәрсе үйретті, енді мен өз тәжірибемді, алғанымды басқалармен бөліскім келеді.
Есімім Дастан, журналистика дастанын жазып жүрмін. 2010 жылы телевидениеге келдім де, сол сәттен бастап бұл әлем мені біржола баурап алды. Журналист қана емес, монтаж бен режиссураны да көрдім. Өйткені телевидение деген үлкен әлем, бір кірсең, өзіне баурап алады.