Іздеу

Шұғыла Баймұхан

Жаңалықтар тілшісі

Камера қосылды. Микрофон қолымда. Бір сәтте кідіріс жоқ бұл біздің жұмыс. Ал мен Шұғыла Баймұхан шахтёрлер қаласы Қарағандыда дүниеге келген «Қонаев Медиа» тілшісімін. Журналистиканың жаныма жақын екенін ерте сездім.

ҚарМУ-дың журналистика факультеті, шығармашылық емтихандағы 115 балл және бірден ақпарат майданына жолдама. Екінші курста телеарна тілшісі атанып, репортаж, іссапар, түрлі эмоцияға толы еңбек жолымды бастап кеттім. Шынымды айтсам кабинеттен гөрі көше, абстрактілі ойдан гөрі шынайы өмірді жақсы көрем.

Әлеуметтік тақырып жаныма жақын.

Жасым небәрі 23-те бірақ, 3 республикалық арнада тәжірибе  жинақтап үлгердім.