Іздеу

Ақжан Анапия

Жаңалықтар тілшісі

Мен бес жасымнан бері кім болғым келетінін анық білдім - тележурналист. Бұл кездейсоқ таңдау емес, әкемнің берген шабыты. Атам журналист болған, жалпы әулетімізде тіл маманы көп.
Бүгінде ресми еңбек өтілім бір жылға да толмады. Алайда осы уақыт ішінде кадрда елуге жуық стендап жасап үлгердім. Камера мен үшін кедергі емес, керісінше өзімді еркін сезінетін кеңістік.
Маған Ақберен Елгезектің жазу стилі, көзқарасы ұнайды және ар-ұжданнан ешқашан аттамайтын еркін, тәуелсіз журналист жолын саналы түрде таңдадым. Көп жазамын: мәтін, жазба, өлең.
Жоспарымда Италияға бару бар. Турист ретінде ғана емес, жаңа көзқарас қалыптастыру мақсатында. Ал кәсіби мақсатым - жұмысыма деген махаббатты жоғалтпау.