Іздеу

Айман Каймульдина

Жаңалықтар жүргізушісі

Мен өзімді микрофон ұстап туғандай сезінемін. Телевидение – мен үшін жай ғана қызмет емес, өмірімнің бір бөлігі, тіпті миссиям десем артық емес. Ал жаңалықтар... олар маған ерекше қуат береді, әр эфир – жаңа тыныс, жаңа жауапкершілік.

Еңбек жолымды «Хабар» телеарнасында бастадым. Кейін «Қазақстан» арнасында жұмыс істедім. Францияда өткен «Намыс дода / Большие гонки» халықаралық жобасында жүргізуші болу – кәсіби өмірімдегі үлкен тәжірибе әрі мақтаныш. Сондай-ақ «Жібек Жолы» және Президент телерадиокешенінде қызмет атқардым.

Қазір «Қонаев Медиа» телеарнасында жаңалықтар дайындап, эфирге шығамын. Әр шығарылымға жүрегімді салып жұмыс істеймін. Себебі бұл мамандықты шын жүректен таңдадым. Журналистикада кем дегенде 80 жасқа дейін еңбек етсем деген ниетім бар – өйткені бұл менің өмірлік жолым.