Жадыра Қуанышбек
Жаңалықтар тілшісі
Өмірдегі ең бір керемет нәрсе - арманның орындалуы. Менің де бала кезден тілегенім орындалды, журналистикамен айналысуға мүмкіндік алдым. Телевидение әлемі мені құшағына алып, бірнеше республикалық арналарда тәжірибе жинауға жол ашты. Осы жолда сенімді достар таптым, тіпті жолдасыммен бірге осы салада жаңа өмір бастадым. Телевизия маған көп нәрсе үйретті, енді мен өз тәжірибемді, алғанымды басқалармен бөліскім келеді.