Хангельдина Қымбат Садықбекқызы

Хангельдина Қымбат Садықбекқызы

Бас директор

Қымбат Хангельдина 1966 жылы 10 маусымда Қызылорда облысында дүниеге келген. 1989 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын Қазақ КСР Ғылым академиясында бастаған. 1992 жылы дикторлар конкурсы арқылы телевизия саласына келіп, содан бері осы салада қызмет етіп келеді. 30 жылдан астам уақыт ішінде диктор, редактор, бас редактор, шеф-редактор қызметтерін атқарып, «Хабар» агенттігінің Алматы филиалын басқарған.

2025 жылдан бастап Qonaev Media телеарнасының директоры қызметін атқарады.

Оның телевизиялық тәжірибесінде жүздеген тікелей эфир, ондаған авторлық және продюсерлік жоба, ел басшыларымен жүргізілген сұхбаттар бар. «Кешкі жаңалықтар», «Көзқарас», «Контурлар», «Дилемма», «Бүкіл ел», «Балалық шақ бағы» және басқа да түрлі жанрдағы бағдарламалардың жүргізушісі әрі продюсері болған.

Президент және Парламент сайлаулары, қысқы Универсиада секілді ірі іс-шараларды ақпараттық тұрғыда ұйымдастырып, жетекшілік еткен. Универсиада кезінде 60-тан астам тікелей қосылым мен жарыс алаңдарында студиялар құру жұмыстарын үйлестіріп, ауқымды ақпарат көлемінде сапалы эфир ұйымдастырған.

2019 жылдан бастап – Қазақстан Журналистер академиясының академигі. Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі болған.

Марапаттары мен құрмет белгілері:
-    «Құрмет» орденінің иегері
-    Қазақстан Республикасы Президентінің алғысы (2011)
-    Республикалық референдум өткізуге қосқан үлесі үшін ҚР Президентінің алғысы (2022)
-    Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 және 30 жылдығына арналған мерейтойлық медальдар
-    «Хабар агенттігіне – 20 жыл» медалі
-    Қазақ телевизиясының 60 жылдығына арналған медаль
-    Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы
-    «Хабар» агенттігінің Құрмет грамотасы
-    «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі