Көлсайдан жылы жаңалық
Айна көлімен әлемге аты шыққан Қайыңды сайына апарар жаңа жол тамыз айында ел игілігіне беріледі. Сондай ақ «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде халықаралық «Парктер шеруі» акциясы өз мәресіне жетті. Игі бастама табиғатты қорғауда - қоғамның бейжай қалмауын нәсихаттайды. Ұлттық парктегі атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайлы тілшіміз Ақжан Анапия тарқатсын.
Туристер саны артқан сайын инфрақұрылым да жақсаруы тиіс. Қазір Саты ауылы мен Қайыңды көлі арасындағы 12 шақырымдық жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Оған 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Дегенмен жол табиғаттың інжу-маржаны саналатын Қайыңдының жағасына жетпейді. Ұлттық парк аумағындағы бақылау бекетінен тоқтайды. Себебі..
НҰРЫМ САҒЫМЖАН
САТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
«Өздеріңіз көріп тұрсыз, үш бағытта жол таңдамайтын көліктерге жол бар. Атпен жүрем жүргізушілерге жол бар, және астында тропинка бар.Жоба биыл тамызда аяқталады. Жұмыс толығымен бітіп, қолданысқа беріледі.»
«Парктер шеруі» экологиялық акциясы 19 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Дәстүрлі бастамаға жергілікті жұртшылықтан бастап кәсіпкерлер, еріктілер, оқушылар мен туристерге дейін қатысады.
ХАМИТ АХМЕТОВ
«КӨЛСАЙ КӨЛДЕРІ» МЕМЛЕКЕТТІК ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ ПАРКІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Бірінші мақсатымыз осы Көлсай көлдері ұлттық мемлекеттік паркінің аумағын таза ұстау. Екінші осы болашақ ұрпаққа жеткізу осы таза қалпында. Әрине бұл акцияның маңызы өте зор деп есептейміз. Себебі акцияға мектеп оқушылары, жоо студенттері қатысады.»
Табиғат жанашырлары аймақтағы орман алқабы мен ондағы жануарлар әлемін қорғау үшін күн-түн демей қызмет етуде.
АСХАТ НҰРДӘУЛЕТОВ ОРМАНШЫ
“Кездесіп тұрады заңбұзушылықтар. Әкімшілік кодекстің бабымен айыппұлын саламыз, ескерт жасаймыз. Жыл басынан өзіміздің Қарабұлақ орманшылығы бойынша 21 әкімшілік құқықбұзушылық тіркеліп, айыппұлдар салынып, хаттар толтырылды.”
Шеру қортындысы бойынша табиғатты қорғауға атсалысып жүрген белсенділермен еріктілерге алғыс хаттар мен түрлі марапат табысталды.