Қоныс той қуанышы
Ұйғыр ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға жаңа баспаналардың кілті табысталды. Салтанатты шараға аудан басшылығы, жауапты мекеме өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жаңа қоныс иелері көптен күткен қуанышқа кенеліп, мемлекет тарапынан көрсетілген қолдауға ризашылықтарын білдірді. Толығырақ тілші материалында.
Бұл жолы тұрғын үй кезегінде тұрған 26 отбасы қоныс тойын тойламақ. Мемлекет қаражатына сатып алынған жеке тұрғын үйлердің жалпы аумағы 1836 шаршы метрді құрайды. Жаңа баспаналар әлеуметтік осал санаттағы азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған бағдарламалар аясында берілді.
БАХАДҮР АВАКРИЕВ
ҰЙҒЫР АУДАНДЫҚ ТҮКШ БӨЛІМ БАСШЫСЫ
Жалпы жыл басынан 60 тұрғынға үй берілді. Қазір міне өздеріңіз көргендей үйлер заманның талабына сай салынып жатыр. 70 шаршы метрдан астам. Енді біз кезекте тағыда бізде 2000 нан астам тұрғын тұрады. Бұйыртса осы болашақта барлығын қамтамасыз етуге ықпал жасап отырмыз.
Жаңа қоныс иелерінің арасында баспана кезегін ұзақ жылдар күткен тұрғындар да бар. Олардың айтуынша, бұл күн көптеген отбасы үшін көптен күткен қуанышты сәттердің бірі болды.
МӘУЛЕН НҰРҚАНАТОВ
АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ
Көпбалалы отбасыларға және мүгедек жандарға, асыраушысынан айырылған отбасыларға өкіметтен үй сыйлап жатыр, қуанышымызға одан әрі қуаныш қосылып жатыр, қаншама жыл очередьта тұрған отбасылар бар мысалы. Өзім 2016 да очередьте тұрғам мысалы міне он жылдан кейін үйдің кілтін алып отырмын. Барша осы аудандағы үй алған адамдарға қоныс тойларыңыз құтты болсын деп айтар едім.
Жаңа баспаналардың кілтін алған отбасылар бұл күнді өмірлеріндегі ерекше сәттердің бірі ретінде бағалайды. Қоныстой қуанышына кенелген тұрғындар жаңа үйлерінде береке мен бақ орнап, ұрпақтарының болашағы жарқын боларына сенім білдірді.