Жаңа қызмет, жаңа міндет
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарымен Ерлан Қарин Қазақстан Республикасының Вице-президенті болып тағайындалды. Олжас Бектенов қайтадан Премьер-Министр қызметіне бекітілсе, Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
Ерлан Қарин – мемлекет қайраткер, саясаттанушы. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды. Ол бұған дейін Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқарған. Сондай-ақ Президенттің бірқатар бастамасын әзірлеуге және жүзеге асыруға атсалысты. Мемлекет басшысы жаңа қызметке кіріскен Ерлан Қаринге бірқатар маңызды міндет жүктеді.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
«Ауқымды реформаларды сапалы іске асыруға белсенді түрде атсалысты. Мемлекеттік стратегиялық бағдарын, даму жоспарын жақсы түсінеді. Сондықтан Ерлан Тынымбайұлы Каринді осы лауазымға лайық деп есептеймін.