Жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысына жаңа әкім тағайындалды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бұл лауазымға Шыңғыс Әрінов кірісті. Осыған орай Қонаев қаласында өңір мәслихаты депутаттарының сессиясы өтті. Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Роман Скляр қатысты. Роман Скляр депутаттарға Мемлекет басшысының облыс әкімі лауазымына Шыңғыс Әрінов пен Ғани Майлыбаевтың  кандидатураларын ұсыну туралы хатын оқып берді. Ашық дауыс беру нәтижесінде депутаттардың 83 пайызы Шыңғыс Әріновті қолдады.  Жаңа әкім әл-Фараби атындағы ҚазҰУ нің халықаралық қатынастар факультетін, Азаматтық авиация академиясын бітірген. Ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік күзет қызметінде, кейін Төтенше жағдайлар министрі болды.Үкімет басшысы Олжас Бектенов  Марат Сұлтанғазиевке атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, өңірдің жаңа басшысына инфрақұрылымды дамыту, әр салада экономиканы ілгерілету, сонымен қатар Алатау қаласының әлеуетін тиімді пайдалану сияқты маңызды міндеттер жүктеді.

Сондай-ақ оқыңыз: