Апта. Маңызды — өңірдің қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық өміріндегі негізгі оқиғаларды апта сайын жинақтап, саралайтын аналитикалық ақпараттық бағдарлама.
Жоба аясында апта бойы болған маңызды жаңалықтар жүйеленіп, ресми деректер, жауапты мекемелердің мәлімдемелері мен сарапшылар пікірлері негізінде талданады. Бағдарлама өңірдегі өзекті мәселелер мен басты үрдістерді түсіндіріп, көрерменге оқиғалардың мән-маңызын тереңірек ұғынуға мүмкіндік береді.
«Апта. Маңызды» — ақпаратты жедел жеткізумен қатар, фактіге сүйенген байыпты талдау ұсынатын, өңір тынысын кең ауқымда қамтитын мазмұнды жоба.